Құрамында спирті бар антисептикалық құралдар оразаны бұзбайды

1159

ҚМДБ төрағасы карантин талаптарын сақтауға шақырды.

Құрамында спирті бар антисептикалық құралдар оразаны бұзбайды

Құрамында спирті бар антисептикалық құралдарды пайдалану оразаны бұзбайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

"Қазір біз төтенше жағдайдамыз ғой. Бұл жәй жағдай емес. Сондықтан адам өмірін қорғау үшін әртүрлі денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығын қорғайтын дүниелерді біздің шариғатымыз қолдайды", –деді Бас мүфти.

Сонымен қатар ол жақын маңдағы туыстардың да үйіне ауызашарға бармауға кеңес берді.

"Құрметті ағайын, баршаңызды түсінеміз. Жақындарыңызды үйге шақырғыңыз келеді. Бірақ біз өзіміздің амандығымыз үшін, сол көршінің амандығы үшін, ағайынның амандығы үшін карантин талаптарын орындауға шақырамыз. Қазір оқшауланайық, кішкене сабыр етейік. Алла қаласа барлығы жақсы болған кезде бір-бірімізді қонаққа шақырамыз", – деді ҚМДБ төрағасы.

Құралай Құдайберген

Фото muftyat.kz сайтынан алынды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу