Ақсу ферроқорытпа зауытында ERG-дің қанат қақты жобасы – алғашқы энергосервистік шарт жобасы жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды корпоротивтік коммуникациялар департаменті.
Еуразиялық топтың алғашқы энергосервистік шартын жүзеге асыру аясында қызатын және құрамында сынабы бар 11 мыңнан астам электр шамы бұрынғыдан экологиялық қауіпсіз әрі экономикалық тиімді жарық диодты жарықтандыруға алмастырылмақ. Қазақстанда өндірістік нысанда мұндай тәжірибе алғаш рет қолға алынып отыр.
Өндірістік кәсіпорындар арасындағы қуат үнемдеу ісінің көшбасшысы ретінде мойындалған "Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты аталған жобаны жүзеге асыру алаңы ретінде арнайы таңдалып алынған. Мамандардың алдын ала есебінше жобаны Ақсу ферроқорытпа зауытында жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі шамамен 346 млн теңгені құрамақ. Пилоттық жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 3 жыл.
Жоба "Еуразиялық Топ" ЖШС энергетиктері мен санаттық менеджерлері ізірлеген санаттық стратегия аясында жүзеге асырылады. Жоба шеңберіндегі кешенді шаралар Топтың энергетикалық тиімділігін айтарлықтай арттырады деп күтілуде.
"ERG кәсіпорындарының отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану мөлшерін айтарлықтай төмендетер мүмкіндігі бар. Қазіргі заманғы технологиялар мен шешімдер осы потенциалды тиімді жүзеге асыруға жол ашып отыр. Бұдан бөлек, энергосервистік шартты іске асырудың нәтижесінде электр қуатын тұтыну мөлшері 80%, яғни 40 млн кВтсағатқа азаяды",– деп атап өтті "Қазхром" ТҰК" АҚ энергетика бөлімінің басшысы Валерий Писарогло.
Eurasian Resources Group (ERG) – кәсіпорындары қазып шығару, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өңдейтін әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі.
Төрт құрлықта орналасқан 14 елде Еуразиялық топтың кәсіпорындары мен бизнесті дамыту жобалары жұмыс істеуде. Компания өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі. 2014 жылы Eurasian Resources Group 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Басқарушы компанияның бас кеңсесі Люксембургте орналасқан.
ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды.