Құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 600-ден астам контейнер қойылды

792

1 қарашадағы жағдай бойынша 500-ден аса шам жиналған. 

Құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 600-ден астам контейнер қойылды

Елордада қала экологиясын жақсарту бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Бұл тапсырманы ҚР Президенті Қ.Тоқаев өзінің жолдауында қойды. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда барлық аудандарда құрамында сынап бар шамдарды, термометрлер мен батареяларды жинауға арналған 600-ден астам контейнер орнатылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Тұрғындар шамдарды сонда тастайды, біздің компания контейнерлерден жинап, зауытқа әкеліп, зарарсыздандырады", – дейді "НТП Kazecotech" ЖШС бас директоры Владимир Андреев.

1 қарашадағы жағдай бойынша 500-ден аса шам жиналған. Осылайша 3 млн 908 мың текше метр ауаның улы бумен ластануына жол берілмеді. Сонымен қатар контейнерлерге қызмет көрсету кезінде компания вандализм және басқа да бірқатар мәселеге тап болады.

"Көбіне көліктер, бұзақылар контейнерлерге зиян келтіреді, бөлшектерді – есіктерді, сөрелерді, қораптарды және басқаларын ұрлайды. Мұның бәрі адамдар арасында түсінбеушілік туғызады. Осыған байланысты әкімдік хабарландырулар, оның ішінде +7 708 425 15 88 және 8 (7172) 25 15 88 телефон нөмірлері жазылған белгілер орнатуда", – деп түсіндірді Владимир Андреев.

Қоңырау түскен жағдайда келу және кемшіліктерді жою екі сағат ішінде жүзеге асырылады. Компания қызметкерлері сонымен қатар меншікке жауапкершілікпен қарауды талап етеді, өйткені бұл басқалармен қатар барлық азаматтардың өмір сүру сапасына әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу