Қырғызстан азаматы Тәжікстаннан Құран Кәрімнің ерекше көне қолжазбасын жасырын алып кетпек болған, деп хабарлайды kazislam.kz.
Баткен облысының 27 жастағы азаматы кемі үш ғасырлық тарихы бар Құран қолжазбасын алып өтпек болған жерінен шекарада кеден қызметкерлеріне ұсталды. Ол қолжазбаны көлігіне жасырған. Факті бойынша Тәжікстан республикасының құқыққорғау органы "Контрабанда" және "Қылмыс жасауға және шабуылға дайындалу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Егер сот айыпты деп танылса, Қырғыз азаматына үлкен көлемде айыппұл салынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу