Құран оқып үйрететін "ұстаз" оқушы қыздарын зорлаған

6677

Күдікті кінәсін толығымен мойындамады. 

Құран оқып үйрететін "ұстаз" оқушы қыздарын зорлаған Фото: Bild

Германияда 30 жастағы сириялық ер адам 5 пен 9 жас аралығындағы алты қызға зорлық-зомбылық жасады деген айыппен сотқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bild Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ата-аналар қыздарын оның үйіне араб тілі мен Құраннан жеке дәріс алу үшін әкелген.

Тергеушілердің мәліметінше, алепполық Захед 2018 жылдан бері өз пәтерінде кем дегенде 11 рет кішкентай қыздарды зорлаған.

Айыптау қорытындысы бойынша, ол қыздардың жамбасын ұстап, оларды сүйген. Екі қыз мұғалім оларды жартылай жалаңаштап, тізерлеп отыруға мәжбүрлегенін айтты. Кейін тағы бір шәкіртін зорлағаны белгілі болды.

Айта кетейік, былтыр Солтүстік Рейн-Вестфалияда балаларды зорлау көбейген. Қылмыс статистикасы өткен жылмен салыстырғанда 22,6%-ға өсіп, 5 065 оқиға орын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу