Құрбан айт-2023: Мейрам күндері қандай амалдар істеу керек?

1833

Биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері аталып өтеді.

Құрбан айт-2023: Мейрам күндері қандай амалдар істеу керек? Фото: google.com

Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Мұсылман қауымы Құрбан айтты қатарынан үш күн тойлайды.

Мейрамның бірінші күні мұсылмандар ертерек тұрып, жуынып, таза киімін киіп, хош иісті әтірін сеуіп, мешітке айт намазына келеді. Айт намазын оқып болғаннан кейін бір-бірін Құрбан айтпен құттықтап, құшақ жайып, өкпе-реніші болса кешіріп, татуласады.

Ораза айт намазында таңертең мешітке барар алдында үйден құрма секілді тағамдардан дәм татып шыққан абзал болса, Құрбан айтта, керісінше, нәр татпай шыққан дұрыс. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол күнгі оразасын жаңа сойылған құрбан етімен ашқанды құп санаған.

Айт намазынан кейін шамасы келетін мұсылмандар Алланың разылығы үшін құрбандық шалады. Оның етін тұрмысы төмен отбасыларға таратады. Садақа береді.

Құрбан айт намазынан кейін барлық мұсылман ағайын-туыстарға, дос-жарандары мен көрші-қолаңға "Айт қабыл болсын!" айтып, айтшылайды. Үйлерге кіріп, құран оқып, тілек тілейді.

Бір-біріне сыйлық беріп, мерекелік көңіл-күйде жүреді, айттық сұрайды. Қазақ айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанның бетін ешқашан қайтармаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу