Құрбан айт-2023: Жолаушыға құрбан шалу міндетті ме?

1778

28 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні.

Құрбан айт-2023: Жолаушыға құрбан шалу міндетті ме? Фото: inform.kz

90 шақырымнан астам жерге сапарға шыққандарға құрбандық шалу міндетті емес, деп жазады inbusiness.kz.

ҚМДБ жариялаған ақпаратқа сәйкес, адам нәпіл ретінде құрбандық шалса, адам сауапқа кенеледі.

"Жолаушы айт күндерінің демалысын пайдаланып немесе басқа да себептерге байланысты сапарлап барған жерінде құрбан шалуына рұқсат етіледі. Оның сапарға шыққаны құрбан шалуына және құлшылығының қабыл болуына кедергі болмайды. Жолаушы сапарда жүріп құрбан шалып, айт күндері бітпей жатып үйіне қайтса, оған екінші рет құрбан шалу міндетті емес", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ айт күндерінің басында тұрғылықты болып, кейін айт күндерінің ішінде сапарға шықса да оған құрбан шалу міндеттелмейді. Ал егер айттың бірінші күні сапарда болып құрбан шалмаса, кейін айт күндері үйіне қайтса, құрбан шалуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу