"Құрбан айтта біз 7 орынды – Сарыарқа және Байқоңыр аудандарындағы үлкен базарларды белгіледік. Себебі ол жерде санитариялық нормаларды сақтау керек. Әрбір аулада мал союға болмайды. Сондықтан арнайы орындар белгіледік" - деді қала әкімі.
Бұдан бөлек Алтай Көлгінов адамдар шоғырланған жерлерде вирустың таралу қаупі жоғары екендігін тілге тиек етті.
"Пандемияның бізге қалай теріс әсер еткенін барлығымыз білеміз. Екі жылда байқағанымыз, 2020, 2021 жылдары жаз мезгілінде вирусты жұқтырушылар саны көбейіп кетті. Мамандардың айтуы бойынша, жазда қарым-қатынас көбейгендіктен вирус кеңінен тарайды. Күні кеше бір тәулікте 100 адамның ПТР-тестілеуінен оң нәтиже анықталды. Бір ай бұрын 1-2 адамнан ғана анықталған" - деді Елорда басшысы.