Құрбан Айт қарсаңында құрбандық шалуға арналған сайт ашылды

694

Ірі қара мен түйеге бір немесе 7 адам бірге тапсырыс бере алады.

Құрбан Айт қарсаңында құрбандық шалуға арналған сайт ашылды Фото: kazpravda.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы www.qurban2023.kz сайтын іске қосты. Бұл Құрбан айтта онлайн-режимде құрбандық шалуға мүмкіндік беруге арналған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

"Мұсылман үммасының қасиетті мерекесіне орай барлық қазақстандықтарды "Құрбан-2023" қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосуға шақырамыз. Адамдарға, әсіресе, ірі қалаларда тұратын халыққа қолжетімді болу үшін биыл бұл рәсім офлайн және онлайн форматтарда жүзеге асырылады. Құрбандық шалғысы келетіндер сайт арқылы онлайн режимінде құрбандыққа шалынатын жануарды таңдап, қажетті қаражатты көрсетілген деректемелерге аудара алады. Қой мен ешкіге бір адам тапсырыс бере алады, ал ірі қара мен түйеге бір немесе 7 адам бірге тапсырыс бере алады. Осыдан кейін, төлем кезінде тапсырыс нөмірі мен жіберушінің аты-жөні көрсетілуі керек. Құрбандық шалғаннан кейін оның фотосы мен видеосы тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөміріне жіберіледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу