Құрбан айт күні Елордада карантиндік шаралар күшейтіле ме?

949

Атқарушы билік Құрбан Айт күні елордада сақтық шаралары күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Atameken Business  

Құрбан айт күні Елордада карантиндік шаралар күшейтіле ме?

Атқарушы билік Құрбан Айт күні елордада сақтық шаралары күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды Atameken Business

Мерекеге байланысты бұқаралық іс-шараларды үйде де өткізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, ұжымдық намаз, айт намазы, соның ішінде мешіттер аумағында ашық іс-шараларға шектеу қойылды. Ал құрбандық шалу адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, арнайы белгіленген қасапханаларда жүргізіледі. Қала тұрғындары бұл рәсімді qurban2021.kz сайты арқылы онлайн бақылай алады. Ертең демалыс болғандықтан, қоғамдық көлік саны барынша көбейтілмек. Ал шаһардағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына таңғы сағат 10-нан кешкі 5-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бұл ретте нысандағы қоғамдық тамақтану орындары Ashyq бойынша 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Дәмхана, мейрамхана мен кафе, оның ішінде жазғы алаңдар 50 пайызына дейін, 30 орынға дейін келушіні қабылдай алады. Оларға таңғы 7.00-ден 17.00-ге дейін, ал Ashyq-пен 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген. Асханалар болса,  кешкі 21.00-ге дейін ашық болады.

Ал осы қасиетті құрбан айт жақындағанда ашатұяқтылардың құны шарықтап шыға келді. Әдеттегі сценарий ғой бұл бізде. Бірақ биыл қалтаны тесіп барады. Айталық, Маңғыстау облысында мал бағасы өткен жылмен салыстырғанда бақандай 40% қымбаттаған. Мұны сатушылардың өздері растады. Жергілікті төрт түліктен бөлек мұнда біразы көрші облыстардан тасымалданады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу