Құрбан айтта "Халал" қасапханалар қызмет көрсетеді

1368

Қазіргі таңда республика бойынша "ҚМДБ Халал" сертификатына ие болған 30 қасапхана мен 567 қасапшы тіркелген. 

Құрбан айтта "Халал" қасапханалар қызмет көрсетеді

Қасапшылық – сауапты hәм жауапты іс. Құрбан айт қарсаңында осындай тақырыппен онлайн-семинар өтті. Жиында құрбан шалу рәсімінің шариғаттағы шарты мен талабы, басты қағидасы мен ережесі түсіндірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен барлық өңірде құрбандық шалынатын орындарды әзірлеу, қауіпсіздік пен  тазалықты қамтамасыз ету, қасапшы даярлау мәселесіне қатысты шаралар атқарылды. 
Семинарда ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ғұламалар кеңесінің мүшесі Хасан Аманқұл қасапхана қызметкерлеріне құрбандық малын сою, ал кәсіби технологтар халал стандартқа сай мал бауыздап, ет өңдеу жөнінде дәріс оқыды. 

"Қазіргі таңда республика бойынша "ҚМДБ Халал" сертификатына ие болған 30 қасапхана мен 567 қасапшы тіркелген. Еліміздің барлық өңіріндегі "Халал Даму" сертификаттауынан өткен қасапшылар мен қасапханалар Құрбан айт мейрамында халыққа қызмет ұсынады", – деді "Халал Даму" ЖШС директоры Айбек Асқарбекұлы.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу