Елодада құрбан айтта мал соятын орындар белгіленді

1068

Құрбан айт мейрамы биыл 21 тамыздан басталады.

Елодада құрбан айтта мал соятын орындар белгіленді

Елордада құрбан айтта құрбандық шалу орындары белгіленді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Құрбан айт - Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы. Әлемнің барша мұсылмандары "Құрбан айт" мейрамын жыл сайын атап өтеді.

Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік "Айт намазынан" (басталуы сағат 7-00) бастау алады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады. Қазіргі таңда Астанада негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді:

Алматы ауданы: "Метро" СҮ (Астана-Қарағанды т/ж)

Байқоңыр ауданы: "Нұрбереке-555" ЖШС, Алаш шоссесі, 30 ("Көк Базар" базарының арты), "Есжанова А" ЖК, "Жайлау", Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, "Шаушен" ШҚ, "Астана-Павлодар" т/ж, 9 км, "Темеш" ШҚ, Астана – Софиевка т/ж 7 км

Сарыарқа ауданы: "Ұлжан" әмбебап базары, (бұрынғы "Саянұр" базары)

Есіл ауданы: "Алтын-Таға" базары, Қосшы кентінің маңы

Сонымен қатар, "Құрбан айт" мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпарат беру үшін тәулік бойы "2288" Call-center жұмыс жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу