Құрбан айттың бірінші күні елімізде қанша мал сойылды?

336

61 мыңға жуық отбасыға ет таратылған.

Құрбан айттың бірінші күні елімізде қанша мал сойылды? Фото: muftyat.kz

ҚМДБ құрбан айттың бірінші күні бойы 14 626 мал құрбандыққа шалынғанын жария етті. Олардың 1700-іне qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Діни басқарманың ресми мәліметінше, құрбандыққа 14 448 қой, 1498 ешкі, 2 266 ірі қара, 15 түйе шалынған. Республика бойынша 60 862 отбасы мен 738 мекемеге құрбандық еті таратылды.

ҚМДБ онлайн форматта құрбан шалуға qurban2023.kz сайты арқылы тапсырыс беру айттың үшінші күні, яғни 30 маусым сағат 13:00-ге дейін жалғасатынын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу