Құрбандық малының құны қымбаттап келеді

2051

Қазақстанда 2019 жылдың сәуір айында  қой етінің бағасы - 1,2%-ға, сиыр етінің құны - 0,8%-ға жоғарылаған. 

Құрбандық малының құны қымбаттап келеді

Қазақстанда құрбандыққа шалынатын малдың құны жыл сайын қымбаттап келеді. Мәселен, өткен жылы Нұр-Сұлтанда қойдың орташа бағасы 25 мың мен 100 мың теңгенің арасында болған. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 35 мың мен 120 мың теңгеге өскен. Алматы қаласында 2018 жылы үлкендігіне байланысты қойның орташа құны 20 мың мен 80 мың теңгенің арасында болса, 2019 жылы баға 25 мың мен 100 мыңның шамасына көтерілген.  Ал 2018 жылы сиырдың құны аталмыш мегаполистерде 200 мың теңгеден, түйенің құны 350 мың теңгеден басталса, 2019 жылы бұл көрсеткіш  5-10 %-ға өскен.

Көрші Ресейде де құрбандық малының бағасы жоғарылағаны білінеді.  Мысалы, 2018 жылы бұл елде қойдың құны 4 мың мен 13 мың рубль (26 мың – 76 мың теңге) шамасында болса, биыл 5 мың мен 20 мың рубль (30 мың мен 120 мың теңге) арасында екен.

Құрбандыққа шалынатын мал бағасының көтерілуі жалпы азық-түлік құнының жоғарылауымен де байланысты. Ranking.kz мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 2019 жылдың сәуір айында  қой етінің бағасы - 1,2%-ға, сиыр етінің құны - 0,8%-ға жоғарылаған. Жалпы бір жыл ішінде қой еті – 7,1%-ға, ал сиыр еті 5,3%-ға өскен.  

Айта кетейік, қазақстандықтар биыл Құрбан айт мерекесін  11,12,13 тамыз күндері  атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу