"Аталған сайт арқылы Сіз ешқайда бармай құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз. Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріледі. Ең алдымен қазіргі пандемия жағдайында Сіз ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалмақ. Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техникалық бақылау ҚМДБ-ның "Зекет" қорына тапсырылды",– деп хабарлады ҚМДБ.
Хабарламада айтылғандай, сайтта құрбандыққа шалынатын малдың бағасы да көрсетіледі. Сол жерден қажетті малды таңдап, тапсырыс беруге болады. Сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа жұмсалады, яғни мұқтаж жандарға үлестірілмек.