Құрбандыққа шалынатын қойдың бағасы 50 мың теңге болады

1849

Қой мен ешкі бір жасар болуы керек.

Құрбандыққа шалынатын қойдың бағасы 50 мың теңге болады

Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов арзан қойлардың шариғат талабына сай келмейтінін айтты.

"Нұр-Сұлтан қаласында қойдың бағасын 50 мың теңге, ал ірі қараны 350 мың теңге деп бердік. Кей адам "30-40 мың теңгеге бір қойды құрбандыққа шала аламын" дейді. Бұл жерде қойдың жасына назар аударуымыз керек. Мысалы, алты айға жетпеген немесе арықтау тоқтыларды 35-40 мыңға алуыңыз мүмкін. Бірақ қой мен ешкі бір жасар болуы керек. Ал жақсы, кемшіліктен ада бір жасар қойдың елдегі бағасы 50 мың теңге. Бұл өте жақсы баға. Тағы айтамын, 35-40 мың теңгелік бір жасқа толмаған қойлар шариғат талабына сай келмейді. Елордадағы базарлардағы бағаны зерттей келе, орташа баға 50 мың теңге деп шешілді", – деді өкіл имам.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу