"Құрбым деп жүрген адам": Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалім шындығын айтты

31854

Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі №250 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімдері әділдік іздейді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Құрбым деп жүрген адам": Түнгі клубқа барып, жұмыстан босап қалған мұғалім шындығын айтты Фото: Бейнежазбадан

Мұғалімдер не үшін жұмыстан босатылғанын білмей дал.

26 жастағы Ақерке Жұмабаева білім беру саласында 3,5 жыл қызмет еткен. Ағылшын тілі пәнінен сабақ берумен қатар 7-сыныпқа жетекші болған.

Ол түнгі клубқа әдейі бармағанын, кездейсоқ тап болғандарын айтады. Ал бейнежазбаны мектепте бірге жұмыс істейтін адам әдейі таратты деп есептейді. 

"Өзіммен бірге жұмыс істейтін, менің құрбым деп жүрген адам арнайы таратыңдар деген...", - дейді мұғалім.

Еске сала кетейік, қызылордалық екі мұғалім Түркияға демалуға барып, түнгі клубқа кіргені үшін бастары дауға қалған болатын. Артынша, олардың жұмыстан босағаны белгілі болды. 

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді жұмыстан тыс уақытта құқығын шектеуге болмайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу