Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы болады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай барысында Курчатов қаласының екінші ғылым қалашығы бола алатынын жеткізді. 

Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы болады Фото: time.kz

Әрі осы жоспардың сұрауы қатты болатынын жауаптыларға қатаң ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Президенттің сөзінше, ондағының бәрі шынайы есеп-қисапқа және табанды жұмысқа негізделуі керек. 

– Ғалымдардың пікірінше, тиісті дәстүрі мен тәжірибесі бар Курчатов қаласы екінші ғылым қалашығы бола алады. Бірақ мынаны ескерткім келеді: осы жоспардың бәрі шынайы есеп-қисапқа және табанды жұмысқа негізделуге тиіс. Көзбояушылық пен көпірме сөзге әбден тойдық. Сұрауы қатты болады, – деп ескертті Мемлекет басшысы. 

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақ халқы өзгелерден кем емес, бұл – ақиқат, бірақ артық та емес" деген пікірін білдірген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу