Курчатов қаласына жаңа әкім тағайындалды

926

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов хабарлады.

Курчатов қаласына жаңа әкім тағайындалды

"Бүгін Курчатов қалалық мәслихатының сессиясында менің бірінші орынбасарым Алмасхан Сматлаев қаланың жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға еңбек тәжірибесі жоғары Олег Чугунков тағайындалды", – деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алмасхан Сматлаев Семей педагогикалық және Семей гуманитарлық институттарының түлегі, ұзақ уақыт бойы талдау және болжау институтының бөлім бастығы қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап "AMANAT" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

"Курчатов – бұл ғылыми-зерттеу қызметін дамыту үшін әлеуеті жоғары ғылыми қала. Мұнда бірнеше маңызды республикалық жобалар жүзеге асырылуда. Әкім депутаттық корпуспен бірге қаланы абаттандыру, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және басқа да мәселелерді шешу жөніндегі жұмысты жалғастыруы тиіс", – деп жазды ШҚО әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу