Курчатов қаласының әкімі тағайындалды

1127

Курчатов қаласының әкімі лауазымына Абдралиев Болат Тансықбайұлы тағайындалды. 

Курчатов қаласының әкімі тағайындалды Фото: gov.kz

Өңір басшысы қаланың жаңа әкіміне қала активімен бірлесіп экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша алдына қойылған мақсаттарды орындауды тапсырды.

Болат Тансықбайұлы – 1976 жылы 20 мамырда, Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы "Қазфосфат" өнеркәсібінің жұмыскері ретінде бастаған. 2016 жылдан бастап квазимемлекеттік секторда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2022 жылдың шілде айында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу