Абай облысының Курчатов қаласындағы Абай көшесінде 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетті. Барлау және өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері 21 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады.
Құтқарушылардың кәсіби шеберлігі мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің көрші пәтерлер мен қабаттарға таралуына жол берілмеді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу