Курчатовта куәлігі жоқ мас әйел 3 көлікті зақымдады

125

Бейнебақылау камерасындағы жазбада құқық бұзушы әйел басқарған автокөліктің аулада тұрған бірнеше көлікті соққаны көрінеді.  

Курчатовта куәлігі жоқ мас әйел 3 көлікті зақымдады Фото: Бейнебақылау камерасынан скриншот

Абай облысында жүргізуші куәлігінсіз жүрген мас әйел жол-көлік оқиғасын тудырып, бірден үш көліктің зақымдануына себеп болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, рөлді оған мас күйдегі күйеуі бергені анықталды. Жол апаты Курчатов қаласында болған.

Оқиғадан кейін әйел жүргізуші медициналық тексеріске жеткізілді, оның нәтижесі орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.

"Сонымен қатар, автокөлік иесі – құқық бұзушының күйеуі – де мас күйде болғаны және жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлікті басқартқаны анықталды", – деп хабарлады полиция.

Ерлі-зайыптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді оларды сот күтіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу