Курчатовта жылу электр станциясын салу үшін тендер жарияланады

222

Үш қалада жылу электр орталықтарын құруға арналған жобалар іске асырылып жатыр.

Курчатовта жылу электр станциясын салу үшін тендер жарияланады Фото: primeminister.kz

Курчатов қаласында жылу электр станциясын салу үшін тендер жариялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекет басшысының таза көмір технология базасында көмір генерациясын дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес, министрлік экологиялық талаптар мен нормаларына сай келетін бірқатар ірі жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда үшінші Екібастұз мемлекеттік аймақтық электр станциясының құрылысы үшін инвесторды айқындау бойынша тендер өткізілді және Курчатов қаласында жылу электр станциясын салу үшін тендер жариялау жоспарланып отыр", – деді Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.

Тікелей шарттар шеңберінде министрлік "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы компаниясымен бірлесіп Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын құруға арналған жобалар іске асырылып жатыр.

Министрдің айтуынша, онда түтін газдарын тазалаудың озық жүйелері, ауыр металдарды ұстау технологиялары қолданылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу