Күрд содырлары Түркияның биліктегі партиясы өкілін өлтіргенін мәлімдеді

1748

Күрд содырлары Түркияның биліктегі партиясы өкілін өлтіргенін мәлімдеді

 

Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының өкілдері іс басындағы Әділет және даму партиясы мүшесінің өліміне жауапкершілікті мойнына алды. Соңғы күнде партияның осымен екінші мүшесін өлтіріп кетті.

Әділет және даму партиясының Диярбакырдағы аудандардың біріндегі бөлімін басқаратын Дерьян Актертті 10 қазанда атып кеткен. Бұдан бір күн бұрын елдің шығысындағы Ван провинциясында партияның тағы бір өкілі Айдын Мустуды өлтіріп кеткен.

Түркия билігі мен Батыс елдері террористік ұйымдар қатарына қосқан Күрдістан жұмысшы партиясы Түркияда 1994 жылдан бері астыртын күрес жүргізіп келеді. 2015 жылы екі тарап арасындағы бейбіт келіссөз

бұзылған соң партия шабуылды қайта бастаған.

azattyq.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу