Күрделі диагнозы бар науқасқа жасанды жамбас қойылды

304

Науқас Алматының №7 қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл түрде ауыр жағдайда түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Күрделі диагнозы бар науқасқа жасанды жамбас қойылды Фото: canva.com

№7 ККА ұсақ жарақат бөлімінің меңгерушісі Рамазан Әскеровтың айтуынша, жарақат салдарынан протез ацетабулумның түбін тесіп, кіші жамбасқа қатты зақым келтірген. Науқас реанимацияға жатқызылды. Жағдай тұрақтанғаннан кейін ол бөлімшеге ауыстырылды, клиника басшылығының қатысуымен консилиум өткізілді.

"Бұл өте сирек кездеседі. Екі кезеңдік операциялық араласу туралы шешім қабылданды. Бірінші кезең – кіші жамбастан ішпердеден тыс қол жетімділіктен (іш арқылы) протез компоненті алынып тасталды. Содан кейін жағдайды жақсарту үшін екінші кезең ревизиялық эндопротезі қойылды. Бұл операциялық ортопедияның ауыр салаларының бірі, онда бұрын операция жасалған аймақта қайта араласу жасалады. Травматолог – ортопедтер мен анестезиолог-реаниматологтардың топтық жұмысының арқасында екі кезеңдік күрделі операция сәтті өтті", дейді Рамазан Әскеров.

Науқас іс жүзінде екінші күні төсек жағдайында белсенді бола бастады және 3 күннен кейін арбаға сүйене отырып, дәлізде жүре бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу