Күрдтердің "Демократиялық Сирия Күштері" альянсы (SDS) елдің солтүстік-шығысындағы өз бақылауындағы аумақтарын қорғау үшін Ресей өкілдеріне Альянс пен Дамаскідегі үкімет арасындағы келісімге қол жеткізуге көмектесу туралы өтініш білдірді, деп хабарлады дүйсенбіде "Әл-Хадас" телеарнасына Альянстың өкілі Арам Хана.
"Біз ресейліктерден аумағымызды қорғау үшін Дамаскімен біріккен әректке көшуді көздейтін келісімнің бастамашысы болуын сұрадық", - деп атап өтті Хана.
Түркия 20 қарашадан бастап Сирияның солтүстігінде елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) Сирия қанатына қарсы әуе операциясын жүргізуде — Кобани қаласына, сондай-ақ Ирактың солтүстігіне жасалған соққылар туралы хабарланды.