Күрдтердің тәуелсіздігі мойындалса, үш елдің территроиялық тұтастығына қауіп төнеді

963

Күрдтердің тәуелсіздігі мойындалса, үш елдің территроиялық тұтастығына қауіп төнеді

Түркия, Иран және Ирак билігі халқы осы үш мемлекеттің аймағында орналасқан күрдтерге қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды islam.kz.

Тәуелсіздігін алуға референдум өткізген жағдайда қарсы шаралар қолданатынын мәлімдеді аталған елдердің сыртқы істер министрлері Біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясында өзара кездесу барысында. 

Айта кетейік, күрдтер өз мемлекетін құру үшін аймақ тәуелсіздігін жариялауға қатысты осы жылдың қыркүйек айының 25-і күні референдум өткізуді көздеп отыр. Егер тәуелсіздігін жариялайтын референдумның нәтижесі күрдтердің пайдасына шешілетін болса, оны әлем қауымдастығы мойындайтын болса, аталған үш елдің территроиялық тұтастығына қауіп төнеді. Бұл өз кезегінде тынышы қашқан аталған аймақта жаңа жанжалдың тұтануына себеп болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу