Күрес қазақтың қанында бар — Біріккен күрес әлемі Президенті

420

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Күрес қазақтың қанында бар — Біріккен күрес әлемі Президенті Фото: РИА Новости

Айтулы оқиғаға орай халықаралық ұйымдар өкілдері мен әлемдік спорттың белді тұлғалары өздерінің жылы лебіздерін жаудырды. "Біріккен күрес әлемінің" (UWW) президенті Ненад Лалович дәл осы спорт түріндегі қазақ халқының жетістіктерін жоғары бағалады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Құрметті Президент Құлыбаев мырза! Құрметті қазақстандық әріптестер мен достар! Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, "Біріккен күрес әлемінің" (UWW) президенті ретінде баршаңызды және елдеріңіздегі спорт қауымдастығын құттықтаймын", — деп бастады сөзін Ненад Лалович.

Ол Қазақстан Олимпиадалық комитетінің құрылғанына аз уақыт өтсе де, оның қоржынында қазірдің өзінде 79 олимпиадалық медаль барын, оның 17-сін балуандар жеңіп алғанын атап өтті.

"Күрес қазақтың қанында бар. Спортшылардың Олимпиадалық рухын нығайту үшін осы спорт түріне қолдау көрсетіп жатқан Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғысымды айтқым келеді. Алдағы уақытта тек жеңістер мен жетістіктер тілеймін!" — деп құттықтады UWW Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу