Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін

1057

Күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін

2019 жылы әлемнің ең үздік балуандары Қазақстанда бас қосып, өзара мықтыны анықтауы мүмкін. Олимпиада ойындары алдында болатын байрақты бәсекені өткізуге Қазақстан да үмітті. Бұл туралы күрес түрлерінің вице-президенті Ерлан Қожасбай айтты, деп хабарлайды Ақпарат көзі: vesti.kz.

Ол өз сөзінде: "Біз екі жыл қатарынан әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс бердік. 2019 жылы әлем чемпионатын өткізетін елдердің қатарында Қазақстан да бар. Бұның бәрі Венгрияда өтетін әлем чемпионатынан кейін шешіледі. Олимпиада ойындары алдындағы әлем чемпионаты елімізде өтуі ғажап емес", – деді ол.

Айта кетейік, 2015 жылы күрес түрлерінен Азия чемпионаты Қазақстанда өткен болатын. 2018 жылғы әлем чемпионаты Венгрия астанасы Будапеште өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу