banner

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталды

1503

55, 63, 72, 82 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталды

Бүгін елорда кілемінде грек-рим күресінен 67, 87 және 97 келі салмақ дәрежелері бойынша іріктеу айналымдары өтуде. Сондай-ақ, 55, 63, 72, 82 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

87 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Азамат Күстібаев бірінші белдесуінде сенімді түрде жеңіске жетті. Азамат венесуэлалық қарсыласын 5:1 есебімен жеңді.

Өкінішке қарай, 67 келідегі үздіктердің бірі Мейіржан Шермаханбет америкалық Эллис Колиманға есе жіберді. АҚШ балуаны 10:2 есебімен жеңіске жетті. Енді америкалық балуанға финалға өткен жағдайда ғана Мейіржанның жұбаныш белдесуге шығуына мүмкіндік бар. 

87 келіде белдескен Азамат Күстібаев 1/8 финалға жолдама алды. Ол 1/16 айналымда франциялық балуанды 7:1 есебімен жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу