Еркін күрес бойынша өткен құрлықтық біріншіліктің екінші күнінде қазақстандық екі балуан финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
74 келіде күресетін еркін күрес шебері Данияр Қайсанов финалға жолдама алды. Екінші жолдаманы 125 келіде белдесетін Юсуп Батырмурзаев еншіледі. Ал 86 келідегі Азамат Дәулетбеков пен 92 келідегі Илисхан Чилаев жарыстың қола жүлдесі үшін бақ сынайтын болады.
Азия чемпионатының финалдық кезеңі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:30-да басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу