Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық спортшылар тағы да сегіз медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қыздар арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Марина Седнева Азия чемпионы атанса, Мәдина Бақбергенова (59 келі), Александра Зайцева (72 келі), Светлана Анкичевалар (50 келі) күміс медаль тағынды.
Қола жүлде Екатерина Фирстова (57 келі) мен Валерия Гончарованың (68 келі) еншісінде.
Еркін күрес шеберлері арасында 125 келіде белдескен Юсуп Балмурзаев чемпион атанса, Ілияс Жұмай (65 келі) мен Дархан Есенғали (74 келі) үздік үштікке енген.
Еске сала кетейік, алғашқы жарыс күнінде спортшыларымыз жеті медаль жеңіп алған болатын.