Күрестен әйелдер құрамасы 2 алтын жеңіп алды

875

Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.  

Күрестен әйелдер құрамасы 2 алтын жеңіп алды

Әйелдер арасындағы бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz

53 келіде күрескен Татьяна Ахметова жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда әлем және Азия чемпионы жапоничлық Маю Мукаиданы жеңді. 

72 келіде күрескен Жамиля Бақбергенова ел қоржынына екінші қоланы салды. 

62 келіде күрескен қазақстандық бұрымды балуан Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды.

Ал 57 келіде күрескен Алтынай Сатылған қоланы қанағат тұтты.

Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен құрлықтық біріншілікте жалпы командалық есепте медаль саны бойынша 3-ші орынмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу