Күрестен әлем чемпионаты: 2 балуанымыз жартылай финалға шықты

2262

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды. 

Күрестен әлем чемпионаты: 2 балуанымыз жартылай финалға шықты

Бүгін 55, 63, 72 және 82 келі салмақтағы балуандар кілемге шығуда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақ балуандарының арасынан алғаш болып кілемге шыққан 72 келідегі Демеу Жадыраев бірінші белдесуінде жеңіске жетті. Ол палаулық қарсыласын 9:0 есебімен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Алайда Демеу Жадыраев 2-ші кездесуінде германиялық қарсыласына 4:3 есебімен есе жіберді.

63 келіде бақ сынайтын Алмат Кебіспаев алғашқы кездесуде Үндістандық қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті. Екінші белдесуде Алмат қытайлық Ербату Туоны 2:1 есебімен ұтты. Алмат Кебіспаев түркиялық қарсыласын 7:4 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалға жолдама алды. 

Күрес түрлерінен Әлем чемпионатында грек-рим күресінен 82 кг салмақта ел намысын қорғаған Максат Ережепов 2-ші кездесуінде Белоруссиялық қарсыласын (Виктар Сасуновский) 2:1 есебімен жеңді. Үшінші кездесуінде жарақат алып, әзірбайжан спортшысына жол берді.

Дәл осы әлем біріншілігінде 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Қорлан Жақанша жарысты сәтті бастады. Ол бірінші қарсыласы алжирлік Фергат Абделькаримді ұтты. Ширекфиналдық кездесуде Жақанша Қорлан 3:2 есебімен Max Emiliano Nowry (USA) жеңіп, жарыстың жартылай финалына шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу