Будапештте күрес түрлерінен өткен әлем біріншілігінен соң Қазақстан командасы жалпы есепте 16-орын иеленді деп жазады Olympic.kz.
Еске сала кетейік, әлемдік сында еркін күрес шебері Нұрислам Санаев (57 келі) күміс жүлдегер атанса, грек-рим күресінің өкілдері Айдос Сұлтанғали (60 келі) мен Мейіржан Шермахамбет (67 келі) қола медаль иеленген болатын.
Жалпы есепте 10 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған Ресей балуандары көш бастады.
Екінші орында 5 алтын еншілеген Жапония, үшінші сатыда 4 алтыны бар АҚШ құрамасы тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу