Ауа райының қолайсыздығына және көлік жолдарының жабылуына байланысты теміржолшылар күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Көлік жолдарының жабылуына орай қосымша 57 вагон бөлінді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Жолаушыларды діттеген жеріне уақтылы жеткізу үшін пойыздарға соңғы үш тәулікте 57 вагон тіркелді. Бұл қосымша 5 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар 26 қаңтардан бастап күнара қатынайтын №152/151 Астана – Алматы қосымша пойызы шығарылды. Темір жол көлігімен тәулігіне 40 мыңнан астам жолаушы тасымалданып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу