Құрғақ бие сүті экспортталады

1032

 Құрғақ бие сүті экспортталады

Азия мен Еуроодақ елдеріне құрғақ бие сүті экспортталуы мүмкін. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Agroinvest форумында мәлімдеді.

Егер тараптар келіссе,бие сүті Малайзия, Жапония, Оңтүстік Кореяға, Еуроодақ елдеріне тасымалданады. Сондай-ақ, қой еті Израиль, Кувейтке экспортталады. Министрдің сөзіне қарағанда Араб әмірлігі мен Иранға жасымық экспорттау мәселесі талқыланып жатыр. Ал Ресей, Израиль, Гонконг елдеріне күнбағыс, бидай, ұн, бұршақ және қой етін сату жөнінде келіссөздер басталды.

Асқар Мырзахметов, ҚР вице-премьері - ауыл шаруашылығы министрі: "Ауылшаруашылығы министрлігі сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Израильдің және Кувейттің ветеринарлық қызметтерімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Негізгі мәселе – кой етін тасымалдау. Ал Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуроодақ елдерімен құрғақ бие сүтін экспорттау жағын талқылап жатырмыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу