Құрғақ қымыз Қытайға экспортталады

2027

Құрғақ қымыз Қытайға экспортталады

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылында неміс технологиясымен салынған жаңа зауыт ашылды. Онда Қазақстанда алғаш рет бие сүтінен жасалған құрғақ өнім саумал дайындалады.

Қазақтың ұлттық сусыны қымыздың адам денсаулығына тигізер пайдасы мол. Мұны білген шетелдіктер бұл істі әлдеқашан қолға алған. Рудольф Шторх Кеңес дәуірінде түрмеде жатқанда туберкулезбен ауырып, оның қазақ досы саумалмен емдеп жазған екен. Ауруынан құлан таза айыққан ол еліне оралған соң қымыз өндірумен айналысады, кейіннен ұрпақтары Ганс Цольман жалғастырады. Осылайша қымыздың технологиясын жетік меңгерген германдықтар елімізге арнайы келіп, қымыз технологиясының қыр-сырымен жан-жақты таныстырады, оқу жаттығуларын өткізеді.

"Біз бұл құрылғыларды Германиядан алдырттық. Мұнда 1500 бие үздіксіз, әрқайсысы 2 минуттан сауылып тұрады. Тәулігіне 2,5 тонна сүт береді, жылдық мөлшері 20 мың тоннаға дейін жетіп отыр. Оған арнайы сублимациялау (құрғату) әдісін жүргіземіз. Сублимациялау кезінде бие сүті мұздатылады да белгілі бір уақыттан соң бу күйіне айналып, осыдан құрғақ өнім алынады. Бір кг құрғақ сүттен 10 литр сүт шығады, − дейді технолог Бауыржан Қайназаров. Мұнда барлығы 100 ден аса адам жұмыспен қамтылған. Оларға айына 70 мың теңге жалақы төленеді. Жатар орын мен  тамақ тегін.

"Өзіміздің жайылымдық жерлерімізге егін егіп, жылқыларға таза табиғи өнімнен жем шөбін дайындаймыз. Қазақстанда жасалған өнімді жақын арада Қытайға экспорттауды жоспарлап отырмыз, − дейді "Евразия инвест ltd" директордың орынбасары Ғалымжан Мейрамбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу