Құрғақ порттың өткізу әлеуеті артады

866

 Құрғақ порттың өткізу әлеуеті артады

"ҚТЖ" ҰК" АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев Шицзячжуан (ҚХР) қаласының Халық үкіметінің мэрі Дэн Пейран мен Hebei Taitong logistics Co., Ltd. көлік-логистикалық компаниясы өкілдерімен  келіссөз жүргізді, деп хабарлайды railways.kz.

Кездесу барысында ҚР мен ҚХР арасындағы "Нұрлы жол" бағдарламасы мен "Бір белдеу-Бір жол" бастамашылығын жүзеге асыру мен теміржол әкімшіліктері арасындағы серіктестікті дамыту жайы талқыланды.

Оның сыртында, Шицзячжуан қаласынан Қазақстан аумағымен Алтынкөл станциясы мен "Қорғас –Шығыс қақпасы" АЭА құрғақ портының логистикалық инфрақұрылымын пайдаланып Орталық Азия, Иран, Түркия, Еуропа, Вьетнам  бағдарына және кері қарай бағдарларды ұйымдастыру мәселесі қаралды.

С. Елубаевтың айтуынша, "Қазақстанның Ляньюньган порты терминалы  арқылы Еуропа, Түркия және Орталық Азия елдеріне контейнерлік пойыз ұйымдастыру тәжірибесі бар. Қазіргі таңда Жапония, Вьетнам және Малайзияның жүктерін ғаламдық тізбекке қосу мақсатында тұрақты контейнерлік желі жасаудың маркетингілік қызметтері жасалуда".

"KTZ Express" АҚ и Hebei Taitong logistics Co.,Ltd арасындағы өзара кездесу нәтижесінде екі жаққа да тиімді стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Бұл маңызды құжатта теміржол көлігін дамыту, ресурстарды бірлесе пайдалану, көлік-логистикалық қызмет аясын кеңейту шаралары көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу