Хабарымызды қаржы жаңалықтарымен жалғастырамыз. Әлемдегі ең ірі теңіз және логистикалық оператор COSCO Shipping еліміздегі Қорғас Шығыс қақпасының дамуына инвестиция салмақ. Бұл келісім Бейжіңде өтіп жатқан "бір белдеу – бір жол" форумында Қазақстан Темір жолы мен COSCO Shipping және Ляньюнган корпорациялары арасындағы жасалды. Қытайлық инвесторлар Қорғастағы Құрғақ порттың 49 пайыз үлесін сатып алмақ. Аталмыш келісім - арнайы экономикалық аймақтыжаңа бағытта дамытып, Азия мен Еуропа арасындаға жүк тасымалын еселей түсуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы қарым қатынасты жаңа кезеңге шығару көзделіп отыр. Айта кетейін, COSCO Shipping әлемдегі ең ірі теңіз тасымалымен айналысатын корпорация, оның құрамындағы 1100 кеме 79 мемлекетке қатынайды. Олар жылына 200 млн тоннаға дейін жүк жеткізеді.