"Saubota" деген атпен экспортталатын құрғақ шұбаттың алғашқы партиясын Ланжоу провинциясы қабылдап алмақ. Ал жұма күні екінші партия тікелей Бейжіңге жөнелтіледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Биыл қазақстандық "EURASIA INVEST LTD" зауыты Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының тізіміне енген болатын. Бүгін міне "EURASIA INVEST LTD" ұзын-сонар келіссөздер мен қытайлық стандартқа сай талдаулардан кейін "Saubota" маркалы құрғақ түйе сүтінің алғашқы партиясын Қытайға жөнелтті. Қазақстандық өнім бірінші Ланжоу провинциясындағы сауда сөрелерінде пайда болады. Экспорттың келесі "стансасы" - Бейжің. Кәсіпорын бұлардан басқа тағы 4 провинцияға өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр", - деп жазды министр.
Есжан Ботақара