Құрғақ сүт пен ет консервілері өндірісі төмендеді

154

Құрғақ сүт өндірісі — 25%-ға, ет консервілері өндірісі — 5,9%-ға төмендеді. 

Құрғақ сүт пен ет консервілері өндірісі төмендеді Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың қорытындысы бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың қорытындысынан 1,5%-ға өсіп, 3,1 трлн теңгені құрады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Салаға келіп жатқан инвестициялар салымы өсіп жатыр. Өткен жылы тамақ өнімдер өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,9%-ға өсіп, 151 млрд теңгені құрады. Экспорт көлемі 2022 жылдың деңгейінде сақталды — $5,4 млрд құрады.

"Былтырғы қолайсыз ауа-райына қарамастан, өндіріс көлемінің арту есебінен саланың құлдырауына жол берілмеді. Қайта өнделген өнімдердің экспорты 43%-ға жетіп, $2,3 млрд құрады. Экспортқа шығарылған өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі $187 млн құрады — бұл барлық өндірілген өнім экспортының 8,8%-ын құрайды. Дегенмен бұл үлесті арттырудың әлеуеті зор", — деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Өндірілген сүт өндірісі — 2,9%-ға, сары май — 18,6%-ға, ірімшік пен сүзбе — 10,5%-ға, салқындатқан ет — 9,8%-ға, шұжық өнімдері 0,9%-ға өсті. Алайда құрғақ сүт өндірісі — 25%-ға, ет консервілері өндірісі — 5,9%-ға төмендеді. Осы өнімдер шұжық өнімдерімен бірге Қазақстанның импорт бөлігінде жетекші орын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу