Құрғақшылық болуы мүмкін облыстар аталды

613

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Құрғақшылық болуы мүмкін облыстар аталды Фото: inbusiness.kz

Синоптиктер шілдеде құрғақшылық болуы мүмкін облыстарды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Болжамға сәйкес, шілдеде Қазақстанның үлкен аумағында ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болады деп күтілуде", - деп атап өтті синоптиктер.

Орташа құрғақшылық:

  • Ақмола облысының Жарқайың ауданында;
  • Қостанай облысының Жангелді ауданында;
  • Ақтөбе облысының Әйтекебис ,Ырғыз аудандарында;
  • Қарағанды облысының Шет және Ақтоғай аудандарында;
  • Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара және Отырар аудандарында күтіледі.

"Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін", - деп ескертті "Қазгидромет".

Қалыпты ылғалды ауа райы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавлда және Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу