Құрғап қалған өзенді екіншісімен толықтыру үшін аралық трассалар салынбақ

757

Судың, шынымен де сұрауы бар. Бұл тәмсілдің, әсіресе, соңғы уақытта өзектілігі артып келеді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Құрғап қалған өзенді екіншісімен толықтыру үшін аралық трассалар салынбақ

Үнемдеу заманы Қазақстанға да таяп келеді. Жағдайдың мәз емес екенін Үкіметтің үкімдері мен елді жайлаған құрғақшылықтан анық байқалады. Алдағы онжылдықта ресурс тапшылығы тағы 50 пайызға ұлғаймақ. Ел билігі қазірден қырғыз еліне алақан жайып, су сұрап отыр.

Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол емес. Үкімет көлдер біржола жойылып кетпеу үшін, ірі өзен суын екіншісіне тасуға арналған трассалар салмақ.

Ал 2023 жылы ресурсты пайдаланудың лимиті енгізілмек. Осы ретте халық әлден үнемдеуді әдетке айналдыруы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу