Бұл туралы inbusiness.kz Ресей ғылым акдемиясының Камчатка филиалына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісі Камчатка уақыты бойынша 18:45-те болды (Астана уақытымен 12.45). Жер дүмпуінің ошағы солтүстік Курильскіден 189 шақырым жерде анықталды.
"Тереңдігі 42 шақырым, магнитудасы 5.8", - делінген мекеменің хабарламасында.
Кешегі Түркиядағы 7,8 балдық күшті жер сілкінісінен кейін бүкіл әлемде жер дүмпулері талқыланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу