Күріш алаңын азайту шеңберінде екі облыс көрсеткішке қол жеткізбеді

201

Бидай, күріш, мақта дақылдарының алқаптары қысқарды.

Күріш алаңын азайту шеңберінде екі облыс көрсеткішке қол жеткізбеді Фото: canva.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров майлы дақылдар алаңын ұлғайту бойынша бірқатар өңір әкімдіктері тиісті деңгейде жұмыс жүргізбегенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді екі есеге арттыру мақсатында Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру үшін қадамдық жол картасы бекітілді және биылғы қаңтар айында барлық облыстарға жоспарлы көрсеткіштер жеткізілді. Бидай алқаптарын қысқарту бойынша республикалық көрсеткіш 4,7%-ға асыра орындалды. Майлы дақылдар алаңын ұлғайту бойынша Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қарағанды облыстары әкімдіктерімен тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілген жоқ. Нәтижесінде республика деңгейінде жоспарланған көрсеткішке қол жеткізілмеуі байқалады", - деді ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, мал азығы, күріш және мақта дақылдары бойынша әртараптандыру жөніндегі республикалық жоспар орындалды.

"Суды көп қажет ететін дақылдар алаңын азайту жұмыстары шеңберінде Алматы мен Жетісу облыстарында күріш бойынша индикаторларға қол жеткізілген жоқ. Мақта бойынша жоспар толығымен орындалды, 16 мың га алқап қысқартылды. Қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл бойынша республика көлемінде жоспар 10,4%-ға орындалмады, атап айтқанда, Алматы облысында жоспар тек 50%-ға, Жамбыл облысында 74%-ға орындалды. Минералды тыңайтқыштар бойынша Қызылорда облысынан басқа өңірлермен жоспар орындалған жоқ", - деп жалғастырды Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы министрі элиталық тұқымдардың үлесін арттыру жоспары 96%-ға орындалғанын айтты. Аутсайдер өңірлер қатарында Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстары бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу