Күріш арзандап, картоп қымбаттады

1169

Жаңа жылдың алғашқы аптасында азық-түлік бағасы 0,1% өскен.

Күріш арзандап, картоп қымбаттады

Energyprom.kz сайты жылдың алғашқы аптасында азық-түлік бағасы қалай өзгергеніне талдау жасады.

"Аталмыш кезеңде қарақұмық жармасы 1% қымбаттады.  Жұмыртқа 0,7%, макарон өнімі мен ірімшік 0,6%, сары май мен сарымсақ 0,5%, картоп пен сәбіз 0,4% қымбаттаған. Ұлттық банктің болжамы бойынша инфляция 4-6% деңгейінде сақталады. 1-8 қаңтар аралығында 19 түрлі азық-түліктің бағасы 0,1% өскен. Тек күріш бағасы ғана 1% арзандады", – деп жазады Energyprom.kz.

Ұлттық банктің есебі 2019 жылдың 12 айында ет, нан-тоқаш өнімдері мен жарманың бағасы 13,4 және 15,5% қымбаттағанын көрсетті. Яғни, қаңтар-қыркүйек аралығында тұтыну импорты 7,4%-ға артқан. Ал азық-түлікке жатпайтын тауар импорты 11,2%-ға ұлғайған. Energyprom.kz осы тенденцияларды алға тарта отырып, 2020 жылы да тұтыну бағасына инфляциялық қысым болатынын болжайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу