Туристердің көбеюіне байланысты күрішке сұраныс күрт артқан, деп жазады inbusiness.kz сайты The Japan times басылымына сілтеме жасап.
Блумберг агенттігінің хабарлауынша, күріштің бағасы бір жылда 92 пайызға өскен. Қазір дүкендерде 5 келісі біздің ақшамен 15 мыңға сатылып жатыр. Себебі, күріштің құны қатарынан 15 апта үздіксіз көтеріліп отырған.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 13 сәуірге дейінгі апта ішінде 5 келі күріштің орташа бағасы 4217 иен немесе шамамен 30 доллар болды дейді. Бұл елдегі 1000-ға жуық супермаркеттер арасында жүргізілген сауалнамаға негізделген.
Енді билік жағдайды тұрақтандыру үшін ұлттық қордағы өнімді сатылымға шығаруға ниетті. Күншығыс елінде ондай қор 30 жыл бұрын құрылған еді. Өйткені, 1993 жылы жаз ерекше салқын болып, жапондар ең көп тұтынатын өнімін шетелден импорттауға тура келген.