Күріш өсірушілер ел сұранысын 100% қамтып отыр

667

Ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 165 мың тоннаны құрайды. 

Күріш өсірушілер ел сұранысын 100% қамтып отыр Фото: produkt-pitaniya.info

Биыл елімізде 486,9 мың тонна аршылмаған (шала) күріш жиналды, деп жазады inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Ведомства мәліметінше, жиналған өнімнің рефракциясын  есепке алғанда, таза өнім 442,5 мың тоннаны құрады. Аршылмаған күріштен шығарылған күріш жармасы жалпы өнімнің 50% құрайды. Осылайша, өңдеуден кейін қоймаларға шамамен 221,2 мың тонна күріш түседі.

"Ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 165 мың тоннаны құрайды, бұл өндірілген көлемнен аз. Осылайша, былтырғы қалдықтар мен жаңа егін Қазақстан халқының күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады. Сонымен қатар, артық өнім басқа елдерге экспортталады. 2022 жылдың 8 айында 67,8 мың тонна экспортталды", делінген ақпаратта.

2022 жылы Қазақстан аумағында күріш 87,8 мың гектар алқапқа егілді, 2021 жылғы деңгейден 8,4 мың гектарға аз. Ауыл шаруашылғы министрлігінің дерегінше, күріш алқаптарының қысқаруына - вегетациялық кезеңдегі су тапшылығы себеп. Айта кету керек, Үкімет күріш пен мақта дақылдарын азайту мәселесіне өте салмақты қарады, өйткені бұл мәселе әлеуметтік және экономикалық сипатқа ие.

"Күріш мелиорациялық дақыл түрі болғандықтан, жерлердің қайта тұздануына жол бермеу үшін, бұрын күріш өсірілген жерлерде ылғалды аз қажет ететін және тұзға төзімді дақылдар егіліп, ғылыми негізде ауыспалы егіс егу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", делінген ақпаратта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу