Құрлық әскерлері әскери институтының 210 курсанты оқу орнынан рұқсатсыз кетіп қалған

1641

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы тексеру жүргізіп жатыр.

Құрлық әскерлері әскери институтының 210 курсанты оқу орнынан рұқсатсыз кетіп қалған

ҚР Қорғаныс министрлігі Алматыдағы Құрлық әскерлері Әскери институтының 210 курсантының оқу орнын рұқсатсыз тастап кету фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2021 жылдың 1 желтоқсанында сағат 18:00-ден кейін Құрлық әскерлері Әскери институтының төртінші курсында оқитын 210 курсант оқу орнынан рұқсатсыз шығып кетті. Институт басшысы, генерал-майор Дулат Адырбековтың айтуынша, курсанттар кадрлық тағайындауларға келіспеушілік танытып, бұрынғы басшылықты қайтаруды сұрайды", – деп жазылған хабарламада.

Бұл жағдай туралы курсанттардың ата-аналарына хабаланған.

Ведомстводан айтылғандай, қазір Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жетекшілік ететін комиссия мән-жайды анықтап жатыр. Сонымен қатар министрлік 2 желтоқсан сағат 9:00-ден бастап барлық курсант сабаққа келгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу